20 мамыр 2026


«КОНСТИТУЦИЯ ЖӘНЕ ЖАСТАР: ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА ҚАЛЫПТАСТЫРУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӘРІС ӨТТІ

Аманжолов университетінің Химия кафедрасының студенттері мен оқытушыларына арналған «Конституция және жастар: құқықтық сана қалыптастыру» тақырыбында тағылымды дәріс ұйымдастырылды. Іс-шараны құқықтану кафедрасының қауымдастырылған профессоры Гүлмира Байркенова өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясының қоғамдағы рөлі, жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, азаматтардың құқықтары мен міндеттері сияқты маңызды мәселелер кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, студенттердің құқықтық сауаттылығын арттырудың маңыздылығы атап өтіліп, қатысушылар арасында ашық пікір алмасу өтті.

Дәріс барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жан-жақты жауап алды. Мұндай кездесулер жастардың құқықтық білімін тереңдетіп қана қоймай, олардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға да ықпал ететіні айтылды.

Аталған дәріс студенттердің құқықтық санасын нығайтып, белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған мазмұнды іс-шаралардың бірі болды.