16 шілде 2024
КҮНДІЗГІ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН ОҚУ ТҮРІНЕ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да екі жылдық күндізгі қысқартылған оқу түріне қабылдау басталды.
Айта кетейік, оқыту техникалық және кәсіби білім негізінде келесі білім беру бағдарламалары бойынша жүргізіледі: “Шет тілі: екі шет тілі”, “Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі”, “Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу”, “Музыкалық білім”, “Математика”, “Информатика”.
Amanzholov University-де жеделдетілген мерзімде сапалы білім алу мүмкіндігін пайдалануға тілек білдірушілерді шақырамыз!