16 шілде 2024
МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ТҮЛЕКТЕРІ ҮШІН ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да Медициналық колледждердің түлектері үшін үш жылдық қысқартылған оқу мерзіміне құжаттарды қабылдау басталды.
Университет медициналық колледж түлектері үшін келесі білім беру бағдарламаларын ұсынады: “Педагогика”, “Дефектология”, “Психология”, “Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу”, “Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау”, “Химия мұғалімдерін даярлау”, “Биология мұғалімдерін даярлау”.
Айта кетейік, қысқартылған оқу мерзімі бойынша құжаттарды қабылдау 25 тамызға дейін жалғасады.