Warning: Undefined variable $date_text in /home/tmb/wptemp/wordpress/wp-content/themes/vku/header.php on line 70

Warning: Undefined variable $desc_text in /home/tmb/wptemp/wordpress/wp-content/themes/vku/header.php on line 71
×

28 сәуір 2025


«Менің атам – қаһарман» атты патриоттық жастар акциясы басталды

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған 2025 жылдың 28 сәуірінен  9 мамыр аралығында «Менің атам – қаһарман» атты патриоттық жастар акциясы басталды!

Бұл акция – Отан үшін от кешкен ардагерлеріміздің ерлігін ұлықтап, ұрпақ санасына сіңіру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Акция шарты: Ұлы Отан соғысына қатысқан ата-әжелеріңіз немесе тыл ардагерлері жайлы ақпаратпен бөлісіп (фотосымен) насихаттау қажет. Жазбаңызға #МеніңАтамҚаһарман хештегін қосуды ұмытпаңыз!

Ұлы ерлік – ұмытылмайды! Батырлар тарихын бірге жаңғыртайық!

Батырларымыздың ерлігі ұрпақ жадында қалуы үшін, сен де үн қос!