14 қыркүйек 2026


«ОТБАСЫ – ҚОЛДАУ КЕҢІСТІГІ»: AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

11 қыркүйекте Қазақстандағы Отбасы күніне арналған апталық аясында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Dana bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығында «Отбасы – қолдау кеңістігі» тақырыбында студенттерге арналған семинар өтті.

Семинардың спикері – Елена Чернякова, модераторы – Алима Алипова. Іс-шараға «Бастауыш оқыту (IP)», «Психология» және «Клиникалық психология» білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты.

Семинардың басты ерекшелігі – оның практикалық бағыттылығында. Қатысушылар педагог пен ата-ана арасындағы серіктестік қағидаларын, қолдау көрсетудің тиімді тәсілдерін және кәсіби қарым-қатынаста сенімді орта қалыптастыру жолдарын қарастырды.

Әр қатысушыға «Болашақ педагогке арналған жадынама» табысталды. Онда педагог пен ата-ана арасындағы серіктестіктің негізгі қағидалары, қолдау білдіруге арналған сөз тіркестері және студенттің кәсіби ұстанымдарын саралауына мүмкіндік беретін «Менің кәсіби компасым» атты рефлексия бөлімі қамтылды.

Семинар барысында отбасының бала тәрбиесі мен тұлғалық қалыптасуындағы рөліне ерекше назар аударылды. Болашақ педагог үшін ата-анамен өзара сенімге негізделген байланыс орнату – кәсіби қызметтің маңызды құрамдас бөлігі.

Отбасы – қолдау басталатын кеңістік. Ал болашақ педагог осы кеңістіктің бала үшін ашық, сенімді әрі қауіпсіз болуына ықпал ететін маман.