6 қыркүйек 2024


ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ӨКІЛІНЕ «ДАНА БАЛА» ОРТАЛЫҒЫ ЖҰМЫСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

“Dana bala” үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығына Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің өкілі Раушан Қозкеева келді. Ол орталықтың зертханаларымен және университеттің “Ерекше қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау және әдістемелік-технологиялық сүйемелдеу жөніндегі құзыреттілік орталығы” коммерцияландыру жобасымен танысты.


Сонымен қатар, университет қонағы ШҚУ мен ШҚО Білім басқармасының Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі арасындағы ынтымақтастықтың тиімді тәжірибесі туралы айтып берді.


Раушан Асқатқызының айтуынша, “Dana bala” – бұл арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы ғылым мен практиканы біріктірудің бірегей алаңы.