16 қыркүйек 2026


ОҚУ СЕМИНАРЫ: 2026–2027 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІН ЖОСПАРЛАУ

Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру бөлімі «Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы өзекті нормативтік-құқықтық актілерін ескере отырып, университеттің 2026–2027 оқу жылына арналған білім беру қызметін жоспарлау» тақырыбында оқыту семинарының өткізілетінін хабарлайды.

Өткізілетін күні мен уақыты: 2026 жылғы 18 қыркүйек, сағат 15:00.

Өткізу форматы: офлайн.

Өткізілетін орны: 1-оқу корпусы (30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34), 218-аудитория.

Мақсатты аудитория: университеттің барлық мүдделі профессорлық-оқытушылық құрамы.

Спикер: Ержан Бағданұлы Домалатов, ДАПжәнеБҰ директоры.