27 тамыз 2026


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ: AMANZHOLOV UNIVERSITY ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ «ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ» СЕКЦИЯСЫНДАҒЫ САРАПШЫЛЫҚ ҚАТЫСУЫ

2026 жылғы 26 тамызда Астана қаласында білім беру жүйесінің өкілдерін, сарапшылар мен практиктерді біріктірген, заманауи білім беруді дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған ауқымды кәсіби алаң – Республикалық педагогтер тамыз конференциясы өтті.

Конференцияның маңызды бағыттарының бірі №10 «Инклюзивті білім беру: тең мүмкіндіктер, арнайы қолдау және қолжетімді білім беру ортасы» секциясы болды. Секция аясында №1 «Тең мүмкіндіктер мектебі: басқарушылық шешімдер, инклюзивті мәдениет және қолжетімді білім беру ортасы» тақырыбында панельдік пікірталас өтті.

Панельдік пікірталас жұмысына сарапшы ретінде Amanzholov University жанындағы «Dana bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығының жетекшісі Әлима Қабдүләшімқызы Әліпова қатысты.

Кәсіби диалог заманауи инклюзивті мектепті қалыптастырудың негізгі мәселелеріне арналды. Қатысушылар тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдау, инклюзивті мәдениетті дамыту, психологиялық-педагогикалық қолдау жүйесін жетілдіру, ведомствоаралық және кәсіби өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ әрбір балаға тең мүмкіндік беретін қолжетімді білім беру ортасын құру мәселелерін талқылады.

Amanzholov University өкілінің республикалық конференция жұмысына қатысуы кәсіби тәжірибе алмасуға және университеттің инклюзивті білім беру саласындағы практикалық тәсілдерін таныстыруға мүмкіндік берген маңызды алаңға айналды. «Dana bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығы қолжетімді әрі қолдаушы білім беру ортасын дамытуға бағытталған білім беру, ғылыми және практикалық бағыттарды біріктіреді.

Бүгінде инклюзивті білім беру – жеке бағыт қана емес, заманауи білім беру жүйесі сапасының негізгі көрсеткіштерінің бірі. Оны дамыту кешенді тәсілді, кәсіби өзара іс-қимылды және әрбір баланың өз әлеуетін ашуына мүмкіндік беретін жағдай жасауды талап етеді.

Amanzholov University инклюзия саласындағы кәсіби құзыреттерді одан әрі дамытып, білім беру қауымдастығы өкілдерімен ынтымақтастықты нығайтып, теңдік, қолжетімділік және әрбір білім алушыны қолдау қағидаттарына негізделген заманауи білім беру жүйесін қалыптастыруға өз үлесін қосуды жалғастырады.