9 қыркүйек 2026


«СӘЛЕМ, УНИВЕРСИТЕТ!»: БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІ ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАЛЫҚ КРОСҚА ҚАТЫСТЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде бірінші курс студенттерін спорттық шараға біріктірген «Сәлем, университет!» жеңіл атлетикалық кросы өтті.

Іс-шараның ашылуында университет Басқарма төрағасы – ректор Гүлжан Жарасова қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, сәттілік, сенімділік және жоғары нәтижелер тіледі.

Жеңіл атлетикалық кроссқа «Дене шынықтыру және спорт», «Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық» білім беру бағдарламаларының білім алушылары, университеттің Жоғары мектептерінің өкілдері, Сәрсен Аманжолов атындағы Жоғары колледждің білім алушылары, сондай-ақ университет қызметкерлері қатысты.

Қатысушылар 1000 метр қашықтықта бақ сынады. Бірінші курс студенттері үшін бұл жарыс өз мүмкіндіктерін сынап, университеттің сабақтан тыс өміріне белсенді араласуға мүмкіндік берген алғашқы спорттық шаралардың бірі болды. Сонымен қатар кросс білім алушыларды дене шынықтыру және спортпен айналысуға тартуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және белсенді демалыс мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

Жарыс қорытындысы бойынша «Дене шынықтыру және спорт», «Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық» білім беру бағдарламалары бойынша ерлер арасында:

1 орын – Бақытқанұлы Алихан

2 орын – Бақытбек Нұрбосын

3 орын – Кондрашенко Ераслав.

Қыздар арасында:

2 орын – Петухова Алена

3 орын – Ананьева Таисия.

«Орман шаруашылығы» бағыты бойынша ерлер арасында 3 орынды Айдынбекұлы Алинұр иеленді.

Қыздар арасында 2 орын – Болатбекова Жансая, 3 орын – Плотникова Дарья.

«Туризм» бағыты бойынша қыздар арасында 1 орынды Абиканова Дарья, ерлер арасында 3 орынды Кабиев Мирас иеленді.

Ақпараттық технологиялар, биология және басқа да жаратылыстану-ғылыми бағыттар бойынша 1 орын – Жасұланұлы Алишер, 2 орын – Ғалымбекұлы Жанболат.

«Экономика және құқық» бағыты бойынша 1 орынды Ерзатхан Нұрасыл, 2 орынды Оралбеков Арда иеленді.

Сәрсен Аманжолов атындағы Жоғары колледж білім алушылары арасында:

1 орын – Кабдулданов Алдияр

2 орын – Маратұлы Санжар

3 орын – Азаматұлы Сұлтан.

Өнер бағыты бойынша қыздар арасында 1 орынды Грохолова Велерия иеленді.

 

Кросс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен марапатталды.

Спорттық шараны КСжӘӘД кафедрасы, университеттің спорт клубы және Жоғары мектептердің декандары ұйымдастырды.