21 сәуір 2026


СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САРАПТАМАЛЫҚ АЛАҢДАҒЫ ҚАТЫСУЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің жанындағы «Dana bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығының жетекшісі Алима Алипова «Мүмкіндіктер шегі: мүгедектігі бар адамдардың толыққанды өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау» тақырыбындағы панельдік сессияға және «Инклюзия саласындағы жасанды интеллект: мүгедектігі бар адамдар үшін жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық дөңгелек үстелге қатысты. Аталған іс-шаралар «Будем жить!» халықаралық инклюзивті фестивалі аясында ұйымдастырылды.

Панельдік сессия барысында «Dana bala» орталығы қызметінің негізгі бағыттары, сондай-ақ университеттің инклюзивті білім беруді дамытудағы тәжірибесі таныстырылды.

Ерекше назар болашаққа аударылды: қазіргі таңда технологиялар мен жасанды интеллект мүгедектігі бар адамдардың білім алуына, қоғамға бейімделуіне және өзін-өзі жүзеге асыруына жаңа мүмкіндіктер ашуда.

Мұндай алаңдар тек тәжірибе алмасу ғана емес, сонымен қатар жаңа серіктестіктер орнатуға, тың идеялар мен тиімді шешімдерді дамытуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде білім беру жүйесін жетілдіріп, оны әрбір адам үшін шынайы қолжетімді етеді.