21 сәуір 2026


СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ АШЫҚ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

2026 жылғы 21 сәуірде 6В05304 «Химиялық криминалистикалық сараптама» білім беру бағдарламасының 2 курс білім алушыларымен «Химиялық синтез» пәні аясында «Табиғи қосылыстар синтезі» тақырыбында химия кафедрасының сениор-лекторы Саньязова Шынар Қадылбековна ашық сабақ өткізді.

Сабақ барысында білім алушылар табиғи қосылыстарды синтездеу бойынша алған теориялық білімдерін тәжірибемен тиімді ұштастырды. Олар табиғи қосылыстардың негіздерімен танысып, олардың алыну жолдары мен қолданылу ерекшеліктерін жан-жақты талқылады.

Сонымен қатар, сабақта жасанды интеллектіні пайдалану арқылы табиғи қосылыстарды синтездеудің заманауи әдістері көрсетілді. Интерактивті тәсілдер қолданылып, тақырыпқа қатысты практикалық маңызы жоғары мысалдар қарастырылды.

Ашық сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып, студенттердің белсенді қатысуымен өтті. Мұндай сабақтар білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін арттырып, олардың ғылыми ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.