9 маусым 2026


Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-да шетелдік талапкерлерді тарту мәселелері талқыланды

2026 жылғы 6 маусымда Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде шетелдік талапкерлерді жоғары оқу орындарына тарту бағытында жұмыс жүргізетін халықаралық ұйым өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында университеттің халықаралық ынтымақтастық саласындағы жетістіктері, білім беру бағдарламаларының артықшылықтары, академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері, шетелдік студенттерге жасалған жағдайлар және заманауи материалдық-техникалық базасы таныстырылды.

Қонақтарды университет атынан Басқарма төрағасының орынбасары – стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ирина Владимировна Ровнякова қарсы алып, оқу орнының халықаралық даму стратегиясы туралы баяндады. Ол өз сөзінде шетелдік білім алушылардың санын арттыру, университеттің халықаралық деңгейдегі беделін нығайту және шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты кеңейту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Кездесу аясында шетелдік азаматтарды Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-ға оқуға тарту тетіктері, университеттің халықаралық білім беру нарығындағы танымалдылығын арттыру, ақпараттық сүйемелдеуді ұйымдастыру және бірлескен кәсіптік бағдар беру іс-шараларын өткізу мәселелері талқыланды.

Тараптар халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, шетелдік талапкерлердің білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге және білім беру саласындағы өзара тиімді серіктестікті нығайтуға қызығушылық танытты.

Кездесу қорытындысы бойынша халықаралық білім беру кеңістігіндегі серіктестікті дамытуға бағытталған бірлескен жұмыстарды жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді