12 мамыр 2026


«ТАЗА СЕССИЯ – ТАЗА ҚОЛ»: AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ БІЛІМ АЛУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Таза қол» акциясы аясында көктемгі сессияны ұйымдастыру және өткізу тәртібін түсіндіруге арналған кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – білім алушылар арасында академиялық адалдық қағидаларын насихаттау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сессия кезеңіндегі ашықтықты қамтамасыз ету.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Таза сессия – Кездесу университеттің Абай залында өтті. Жиынға Директорлар кеңесінің төрағасы Рахимжанов Әмірхан Муратпекұлы, университеттің басқарма мүшелері, тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі бөлім өкілдері, «Таза сессия – Таза қол» штабының мүшелері және білім алушылар қатысты.

Іс-шара барысында Директорлар кеңесінің төрағасы Рахимжанов Әмірхан Муратпекұлы алғы сөз сөйлеп, студенттердің сапалы білім алуы мен әділ бағалануы университет үшін басты басымдықтардың бірі екенін атап өтті.

Кездесу аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің жетекшісі Жексембаев Қайнар Ерланұлы «Университетте сессияны ұйымдастыру және өткізу тәртібі» тақырыбында баяндама жасап, емтихан кезеңіндегі талаптар мен ережелер туралы түсіндірді.

Сонымен қатар, басқарма мүшесі – тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Калимолдина Жаннета Амангелдиновна «Таза сессия – Таза қол» штабының атқарып жатқан жұмыстары жөнінде баяндама жасап, академиялық адалдық мәдениетін қалыптастыру бағытындағы бастамаларға тоқталды.

Кездесу соңында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, ашық форматта пікір алмасты. Университет ұжымы алдағы сессия кезеңінің әділ әрі ашық өтуіне бағытталған жұмыстарды жалғастыра бермек.