12 қыркүйек 2026


«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ТАЗАЛЫҚҚА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясындағы жұмыстар жалғасуда.

Кезекті сенбілікке Сәрсен Аманжолов атындағы Жоғары колледждің студенттері қатысып, университет аумағын ретке келтіруге үлес қосты. Жастар аумақты қоқыстан тазартып, айналаны жинақтау жұмыстарына белсенді араласты.

Сенбілікке Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Басқарма төрағасы – ректор Гүлжан Жарасова да қатысып, Жоғары колледж студенттерінің бастамасына қолдау көрсетті. Ректордың жастармен бірге болуы олардың қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған бастамаларды қолдайтынын көрсетті.

Іс-шара барысында колледж студенттері бірлесіп жұмыс істеп, университет аумағын көркейтуге бағытталған нақты жұмыстар атқарды. Мұндай шаралар жастардың қоғамдық ортаға ұқыпты қарауына ықпал етіп, ортақ кеңістікке деген жауапкершілігін қалыптастырады.

«Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы жұмыс сенбілікпен ғана шектелмейді. Университетте тазалықты сақтау, аумақты абаттандыру және қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіледі.

Бастама аясында жастардың шығармашылық белсенділігіне де көңіл бөлінуде. Университетте «Таза Қазақстан» идеясын насихаттайтын тренд-видео әзірленіп, студенттердің бастамасы қолдау тапты.

Тазалық пен абаттандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады. Бұл бағыттағы шаралар университет аумағын күтіп ұстаумен қатар, жастардың қоғамдық бастамаларға белсенді қатысуына мүмкіндік береді.