12 мамыр 2026


ТҮРКИЯДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҰРАН КУБОГЫНДА АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ ТОП ЖАРДЫ

Түркия мемлекетінің Мерсин қаласында өткен II халықаралық «Turan Cup» турнирінде Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасының студенті Жұмабеков Бақтияр Ермекұлы жоғары нәтиже көрсетіп, жасөспірімдер арасында І орын иеленді.

Халықаралық деңгейдегі бұл додаға түрлі елдерден келген жас спортшылар қатысып, өзара мықтыны анықтады. Турнир барысында Бақтияр Ермекұлы кәсіби шеберлігімен, табандылығымен және жеңіске деген жігерімен ерекшеленіп, университетіміздің ғана емес, еліміздің де абыройын асқақтатты.

Бұл жеңіс — спортшының ұзақ жылғы еңбегі мен жүйелі дайындығының жемісі. Сонымен қатар, университетіміздегі спорт саласының дамуы мен жастарға көрсетіліп отырған қолдаудың нақты нәтижесі деуге болады.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті талантты студентімізді халықаралық жарыстағы жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтайды! Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, ел намысын абыроймен қорғай беруіне тілектеспіз!