18 қыркүйек 2026


ЦИФРЛЫҚ ОРТАДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК: AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ ПРАКТИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Ақпараттық қауіпсіздікті оқытуда кейс-технологияларды қолдану» тақырыбында әдістемелік семинар өтті.і

Іс-шара киберқауіпсіздік мәдениетін арттыру және цифрлық ортада қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар аясында ұйымдастырылды.

Семинарды «Жасанды интеллект және ақпараттық технологиялар» кафедрасының лекторы Серікова Ж.С. өткізді. Кездесуге «Ақпараттық технологиялар» және «Физика-Информатика» білім беру бағдарламаларының білім алушылары қатысты.

Семинарда кейс-технологияларды ақпараттық қауіпсіздікті оқытуда қолдану ерекшеліктері қарастырылып, нақты жағдайларға негізделген практикалық тапсырмалар орындалды. Білім алушылар ұсынылған кейстерді талдап, ықтимал қауіптерді анықтап, олардың алдын алу жолдарын ұсынды.

Практикалық жұмыс қатысушылардың теориялық білімін нақты жағдайлармен ұштастырып, сыни ойлау, талдау және шешім қабылдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.

Кездесу соңында қатысушылар пікір алмасып, тақырып бойынша сұрақтарына жауап алды.