7 маусым 2024
ШҚУ-ДА АККРЕДИТТЕУ ТЕКСЕРІСІ ӨТТІ
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде институционалдық және бағдарламалық аккредиттеу бойынша IQAA сараптамалық тобының сыртқы аудиті өтті. Комиссия мүшелері бірқатар мамандықтарды тексерді. Олардың ішінде” Тарих”,”Шет тілі: екі шет тілі”,” Қазақ тілі мен әдебиеті”,” Философия”,” дінтану-философия”,”Экономика”,”Экономика және басқару”.
Бұдан бөлек, бұған дейін ЖОО-да халықаралық бағдарламалық аккредиттеу бойынша тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі (IAAR) өкілдерінің сапары болған. Тексеру “Химия-Биология”, “Химия және наноматериалдар”, “География-тарих”, “Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау”, “Химия”, “Математика-Физика”, “Физика-Информатика”, “Орман ресурстары, аңшылық және Ара шаруашылығы”, “Математика”, “Информатика” ББ қозғалды”, “Гидроэкология, менеджмент және трансшекаралық су қауіпсіздігі”.