21 сәуір 2026


ҒЫЛЫМ ІС ЖҮЗІНДЕ: АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ХИМИЯЛЫҚ ТАЛДАУ БОЙЫНША АШЫҚ САБАҚ

Химия кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Мукажанова Жазира Бигалиевна 6В01507 «Химия-биология» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттерімен «Сандық талдау» пәні аясында «Темір(II) ерітіндісіндегі темірдің мөлшерін анықтау» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақ барысында тотығу-тотықсыздану реакциялары қарастырылып, темір иондарының тотығу дәрежесінің өзгеруі арқылы әртүрлі заттардың концентрациясын анықтау мүмкіндіктері түсіндірілді. Практикалық бөлімде білім алушылар титрлеу үдерісін бақылап, ерітінділерді дайындау ережелерін меңгерді. Сонымен қатар, эквиваленттік нүктені индикаторсыз анықтау әдісін игерді. Перманганат ерітіндісінің қанық түсінің арқасында өзіндік индикатор қызметін атқаратыны көрсетілді.

Ашық сабақ интерактивті форматта өтіп, студенттердің пән бойынша білімін тереңдетуге және практикалық дағдыларын дамытуға ықпал етті. Мұндай сабақтар білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруда маңызды рөл атқарады.