19 мамыр 2026


«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ: ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ДАМУЫ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

«Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕ АҚ Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотымен және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп, 2026 жылғы 28 мамырда «Қазақстанның жаңа Конституциясы: институционалдық өзгерістер және құқықтық мемлекеттің дамуы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференцияның мақсаты – конституциялық реформаның негізгі бағыттарын жан-жақты талқылау, институционалдық өзгерістерді саралау, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасындағы құқықтық мемлекет пен жария билік жүйесінің дамуына ықпалын бағалау.

Конференция жұмысына мемлекеттік, құқық қорғау және сот органдарының өкілдері, нотариустар, адвокаттар, заң консультанттары, ғалымдар, оқытушылар, докторанттар, магистранттар және жоғары оқу орындарының студенттері шақырылады.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ және орыс тілдері.

Конференцияға қатысуға ниет білдірушілерден 2026 жылғы 22 мамырға дейін ұйымдастыру комитетіне қатысуға өтінімді (1-қосымша) конференция үйлестірушісінің электрондық поштасына жолдау сұралады: 

bairkenovagulmira@gmail.com

Конференцияның өтетін уақыты мен орны: 

2026 жылғы 28 мамыр, сағат 10:00 

Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 55, 2-қабат, акт залы.

Конференция үйлестірушісі: 

«Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕ АҚ, құқықтану кафедрасы, 

Байркенова Гүлмира Төлеубекқызы 

Байланыс телефоны: +7 777 347 78 08 

Электрондық пошта: bairkenovagulmira@gmail.com