25 мамыр 2026


ҚЫТАЙДАҒЫ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ: ОҚЫТУШЫЛАР ҮШІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ МЕН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы Ғалым Нұржайнат 2026 жылғы 25 мамырдан бастап Қытай Халық Республикасының Чунцин қаласында орналасқан Сычуань шетел тілдері университетінде «Қытай тілі» курсы бойынша біліктілігін арттырудан өтуде.

Курс барысында ол қытай тілін оқытудың заманауи әдістемелерімен танысып, білім беру саласындағы халықаралық тәжірибені меңгеруге мүмкіндік алуда.

Университет ректоры Төлеген Мұхтар Әділбекұлына осындай мүмкіндіктер жасап, профессорлық-оқытушылық құрамның кәсіби дамуына тұрақты қолдау көрсетіп, білім мен ғылым саласындағы жаңа жобалардың жүзеге асуына ықпал еткені, сондай-ақ жас мамандар мен оқытушылардың халықаралық тәжірибе жинақтауына жағдай жасағаны үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.