19 маусым 2026


ҚҰРМЕТКЕ ТОЛЫ ӨМІР ЖОЛЫ: ИРИНА РОВНЯКОВАҒА – 60 ЖАС

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ұжымы Басқарма төрағасының орынбасары – стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ирина Владимировнаны мерейлі 60 жасымен шын жүректен құттықтайды.

Ирина Владимировнаның кәсіби жолы – өз ісіне адалдықтың, жоғары жауапкершіліктің және білім беру саласына қалтқысыз қызмет етудің жарқын үлгісі. Көпжылдық тәжірибесі, терең білімі мен стратегиялық көзқарасының арқасында ол білім мен ғылымды дамытуға, сондай-ақ Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің беделін арттыруға зор үлес қосып келеді.

Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, көптеген ғылыми еңбектердің авторы ретінде Ирина Владимировна кәсіби шеберлігімен, парасаттылығымен және еңбекқорлығымен әріптестеріне де, жас буынға да үлгі болып келеді.

Осы айтулы мерейтой күні Сізге зор денсаулық, отбасылық бақыт, бақ-береке, толағай табыс және жаңа жетістіктер тілейміз.