10 қараша 2026


ҚҰРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІН САҚТАУҒА АРНАЛҒАН ДӘРІС ӨТЕДІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Экология және география кафедрасы «Құрлық экожүйесін сақтау» тақырыбында дәріс ұйымдастырады.

Дәрістің мақсаты – құрлық экожүйелерін қорғаудың маңызын түсіндіру, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қоршаған ортаның тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелерін талқылау. Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 15-мақсаты – «Құрлық экожүйелерін қорғау» бағыты аясында өткізіледі.

Дәрісті биология ғылымдарының кандидаты Анатолий Павлович Цыганов жүргізеді. Кездесу барысында құрлық экожүйелерін сақтау, биоалуантүрлілікті қорғау және табиғи ортаның тепе-теңдігін қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударылады.

Өтетін күні: 2026 жылғы 11 қараша

Уақыты: 13:45

Өтетін орны: «ҮИ ЭкоБиоцентр», Максим Горький көшесі, 66.