3 қараша 2026


ҚЫТАЙДА БІЛІМ АЛЫП, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ ЖИНАҚТА

Amanzholov University студенттеріне Қытайда тегін білім алып, халықаралық тәжірибе жинақтауға мүмкіндік!

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті студенттерді Қытай Халық Республикасында жүзеге асатын Overseas Business Representative (OBR) халықаралық білім беру бағдарламасына қатысуға шақырады.

Бағдарлама Shandong Foreign Trade Vocational College ұйымдастыруымен 2027 жылғы 22 ақпан мен 20 шілде аралығында Қытайдың Циндао қаласында өтеді.

Бұл – шетелде білім алып қана қоймай, жаңа мәдениетпен танысып, халықаралық бизнес саласындағы біліміңді жетілдіруге және кәсіби тәжірибе жинақтауға арналған мүмкіндік.

Бағдарлама аясында студенттер:

қытай тілін үйреніп, Қытай мәдениетімен танысады;

халықаралық сауда, логистика, электрондық коммерция және бухгалтерлік есеп бағыттары бойынша білім алады;

90 кредитті қамтитын оқу бағдарламасы мен бейіндік курстарға қатысады;

серіктес компанияларда тағылымдамадан өтіп, теориялық білімін тәжірибемен ұштастырады.

Кімдер қатыса алады?

Ағылшын тілін еркін меңгерген, бизнес және сабақтас білім беру бағдарламаларында оқитын, Қытаймен халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қызығушылығы бар университет студенттері өтінім бере алады.

ЕҢ БАСТЫСЫ – ОҚУ ЖӘНЕ ТҰРУ ШЫҒЫНДАРЫ ТОЛЫҒЫМЕН ТЕГІН!

Әуе билеттері, жол жүру және жеке шығындар қатысушының өз қаражаты есебінен төленеді.

Қатысу және толық ақпарат алу үшін:

Телефон: +7 778 299 3882 (Еркежан Абзалқызы)

Электрондық пошта: mezhdunar_otdel@vku.edu.kz

Instagram: @eku_international_qlty_dept

Жаңа ел, жаңа білім, жаңа мүмкіндіктер! Қытайда білім алып, болашақ кәсіби жолыңа халықаралық тәжірибемен қадам бас!