20 мамыр 2026


«ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ» АТТЫ СТУДЕНТТІК ОНЛАЙН-КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің құқықтану кафедрасы студенттер арасында «Әділетті Қазақстанның Жаңа Конституциясы» атты онлайн-конкурс өткізетінін хабарлайды.

Конкурстың мақсаты – жастардың құқықтық мәдениетін арттыру, Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясының мазмұнын кеңінен насихаттау және азаматтардың конституциялық сауаттылығын дамыту.

Конкурстың өткізілу мерзімі: 25 сәуір – 25 мамыр 2026 жыл

Қатысушылар: Қаланың жоғары және орта кәсіптік оқу орындарының студенттері

Өткізу форматы: Google Forms платформасы арқылы онлайн

Тапсырманы орындау уақыты: 30 минут

Тапсырма форматы:

– 25 тест сұрағы

– Әр сұрақ – 1 балл

– Максималды ұпай – 25

Конкурстық тапсырмалар келесі бағыттарды қамтиды:

  1. қоғам мен мемлекеттің конституциялық құндылықтары;
  2. тұлғаның конституциялық мәртебесі;
  3. мемлекеттік басқару жүйесі;
  4. сот және құқық қорғау жүйесі.

Жүлде қоры:

I орын – 100 000 теңге

II орын – 70 000 теңге

III орын – 50 000 теңге

Жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталады.

Қорытынды: 26 мамыр 2026 жыл

Салтанатты марапаттау: 28 мамыр

Үйлестіруші: Байркенова Гүлмира Төлеубекқызы

Тел.: +7 777 347 7808

E-mail: bairkenovagulmira@gmail.com

Өз біліміңізді сынап, Конституция туралы білім деңгейіңізді дәлелдеңіз!