2 қазан 2026


ӘСКЕРИ КАФЕДРАҒА ҚАБЫЛДАУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Қабанбай батыр атындағы әскери кафедрасына құжаттар 2026 жылғы 7 қазанға дейін қабылданады.

ЗАПАСТАҒЫ ОФИЦЕРЛЕРДІ ДАЯРЛАУ

Запастағы офицерлерді әскери даярлау бағдарламасы бойынша оқуға өтініштерді бакалавриаттың білім беру бағдарламасы бойынша 3 жылдық оқу мерзімімен колледжден кейін 2026 жылы университетке түскен 1-курс студенттері бере алады.

Әскери даярлық мерзімі: кемінде 2 жыл 5 ай.

Оқыту грант және ақылы негізде жүргізіледі.

ЗАПАСТАҒЫ СЕРЖАНТТАРДЫ ДАЯРЛАУ

Запастағы сержанттарды әскери даярлау бағдарламасы бойынша өтініштерді бакалавриаттың білім беру бағдарламасы бойынша 3 және 2 жылдық оқу мерзімімен колледжден кейін 2026 жылы университетке түскен 1-курс студенттері бере алады.

Әскери даярлық мерзімі: кемінде 1 жыл 5 ай.

Бағдарламаға тек ер студенттер қабылданады.

Оқыту ақылы негізде жүргізіледі.

ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ

Әскери кафедраға түсу үшін мына құжаттар қажет:

  1. Белгіленген үлгіге сәйкес қабылдау туралы өтініш;
  2. Жеке басын куәландыратын құжат немесе Цифрлық құжаттар сервисіндегі электрондық құжат;
  3. 3×4 см көлеміндегі фотосурет – 4 дана;
  4. Соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;
  5. Факультеті мен мамандығы көрсетілген ЖОО-да нақты оқитыны туралы анықтама;
  6. Дербес іс папкасы – 1 дана;
  7. Мөлдір файл – 2 дана.

МЕКЕНЖАЙЫ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

Мекенжайы: Өскемен қаласы, Бажов көшесі, 7, 2-оқу ғимараты, 16-кабинет.

Қабанбай батыр атындағы әскери кафедра.

Барлық сұрақтар бойынша төмендегі байланыс телефондарына хабарласуға болады:

Әскери кафедра бастығы, запастағы подполковник Александр Николаевич Керенцев:

 8 705 296 45 56