2 қазан 2026


«ӨНДІРІСТЕГІ 10 КҮН» АКЦИЯСЫ: БІЛІМ МЕН ӨНДІРІС ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ

      ӨНДІРІСТЕГІ 10 КҮН» акциясының аясында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша оқытушыларымыз соңғы күндері жоспарына сәйкес «Шығыс Балдырған» ЖШС балабақшасында «Білім беру бағдарламасын жаңарту зертханасы», «Өндіріс-білім» жоспарына сәйкес қорытынды жасады.
   Осы акцияның нәтижесінде бір қатар өзекті мәселелер: «Білім беру бағдарламасының мазмұнын жаңарту», «Жұмыс берушілердің ұсыныстары», «Студенттердің ұсыныстары», «Оқытушылардың ұсыныстары» кеңінен талқыланып, бір жолға қойылды. Жан-жақты кәсіби пікір қалыптасып, ортаға салынып талқыланды.
   Кәсіби кездесу соңында колледж бен кәсіпорын арасындағы ынтымақтастықты нағайтуға, болашақ сапалы маман дайындауға мүмкіндік беретін екі жақты меморандумға қол қойылды.
    Жоғары колледж қабырғасында, оқу жылы көлемінде барлық оқытылатын мамандықтар бойынша акция өз жалғасын табатын болады.