5 қараша 2026


ӨСКЕМЕНДЕ ҒАРЫШ ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ

Ғарыш әлемінің құпияларына қызығасыз ба? Онда қызықты жаңалықтар мен танымдық жаңалықтарға толы фестивальге қатысуға шақырамыз!

2026 жылғы 14 қарашада Өскемен қаласындағы А. С. Пушкин атындағы кітапханада ғарыш тақырыбына арналған фестиваль өтеді. Іс-шараға университет студенттері, оқытушылары мен қызметкерлері, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері шақырылады.

Фестиваль қонақтарын тың жаңалықтар, қызықты сынақтар мен тосынсыйлар күтеді. Бұл – ғарыш әлемімен жақынырақ танысып, жаңа мәліметтерге қанығуға және отбасымен бірге танымды уақыт өткізуге тамаша мүмкіндік.

Іс-шара бағдарламасы:

Қонақтарды жинау – 12:00;

Фестивальдің ашылуы – 12:30.

Өтетін орны: Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 102, А. С. Пушкин атындағы кітапхана.

Кіру тегін.

Жас санаты: 6+. Балалар іс-шараға ата-анасының сүйемелдеуімен қатысады.

Фестиваль жаңалықтары, бағдарлама туралы толық ақпарат пен маңызды хабарландырулар WhatsApp тобында жарияланып отырады.

WhatsApp тобына қосылу:https://chat.whatsapp.com/LyKk7m4MMekEEOuNkQWB4y

Ғарыш әлемін бірге танып, таным көкжиегімізді кеңейтейік!