5 қараша 2026


ӨСКЕМЕНДЕ ДОМБЫРА ҮЙРЕНУГЕ АРНАЛҒАН ТЕГІН КЛУБ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Домбыраның қос ішегінен төгілген күйді тыңдап қана қоймай, оны өзіңіз де орындап үйренгіңіз келе ме? Өскемен қаласында домбыра тартуды жаңадан бастаушыларға арналған тегін клуб жұмысын бастады.

Клуб American Corner & Makerspace Oskemen алаңында ұйымдастырылған. Сабақтарға музыкалық білімі мен тәжірибесіне қарамастан, домбыра үйренуге қызығушылық танытқан кез келген адам қатыса алады.

Кездесулер кезінде қатысушылар ұлттық музыкалық аспаптың ерекшелігімен танысып, домбыра тартудың бастапқы әдістерін меңгереді, музыкалық орындаудың негізгі элементтерін үйреніп, алғашқы әуендерін ойнап көреді. Бұл – қазақтың дәстүрлі музыкалық мәдениетіне жақындап, ұлттық өнерді тәжірибе арқылы тануға мүмкіндік беретін орта.

Клубқа қатысу тегін.

Өтетін орны: Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 102, А. С. Пушкин атындағы кітапхана.

Сабақ кестесі мен кездесулер туралы ақпарат WhatsApp тобында жарияланып отырады:

WhatsApp тобына қосылу https://chat.whatsapp.com/GBIqKVux3DSF9eaKqbwwPo

Клуб American Corner & Makerspace Oskemen бастамасымен Chevron компаниясының серіктестігінде ұйымдастырылған.