11 қыркүйек 2026


№3 ОҚУ ҒИМАРАТЫ: АКАДЕМИЯЛЫҚ ОРТАНЫҢ САПАСЫ ЖӘНЕ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ

 

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Басқарма төрағасы – ректор Гүлжан Жарасова университеттің №3 оқу ғимаратына барып, мұнда орналасқан Жоғары колледждің оқу-тәрбие үдерісімен және білім алушыларға жасалған жағдаймен танысты.

Гүлжан Жарасова колледждің оқу аудиториялары мен кабинеттерін көріп, олардың материалдық-техникалық жабдықталуына, білім алушылар үшін қалыптастырылған оқу ортасына және оқу үдерісінің ұйымдастырылуына назар аударды.

Жоғары колледж – кәсіби-техникалық білім берудің маңызды буыны. Мұнда білім алушылар таңдаған мамандықтары бойынша теориялық білім алып қана қоймай, практикалық дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік алады. Осы тұрғыдан алғанда, оқу ғимаратының материалдық базасы мен білім беру кеңістігінің сапасы колледж студенттерінің кәсіби даярлығына тікелей ықпал етеді.

Гүлжан Жарасова білім алушыларға қолайлы жағдай жасаудың, оқу кабинеттерін заманауи талаптарға сай жетілдірудің және колледждің материалдық-техникалық базасын нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Сапар қорытындысы бойынша білім беру кеңістігін одан әрі жетілдіру, оқу жағдайларын жақсарту және инфрақұрылымды дамыту бағыттары бойынша міндеттер айқындалды.