15 қыркүйек 2026
AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ КИБЕРҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ОРТАДАҒЫ ҚАУІПСІЗ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қазақстан Республикасында киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға, цифрлық сауаттылықты дамытуға және ақпараттық ортада қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға ерекше мән берілуде.
Жастардың киберқауіпсіздік саласындағы хабардарлығын арттыруға бағытталған іс-шаралар аясында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Киберқауіпсіздік контекстіндегі мәдениет және қазіргі жағдай» тақырыбында дәріс өтті.
Іс-шараға «Ақпараттық технологиялар» және «Физика-Информатика» білім беру бағдарламаларының студенттері белсенді қатысты. Кездесу кезінде білім алушылар өзекті ақпаратпен танысып қана қоймай, талқылауға белсенді араласып, өз ойларын ортаға салды және практикалық кейстік жағдайларды шешудің түрлі жолдарын ұсынды.
Дәріс кезінде кибералаяқтықты анықтау мәселесіне ерекше назар аударылды. Студенттерге күмәнді хабарламдардың, қоңыраулар мен интернеттегі ұсыныстардың негізгі белгілері, сондай-ақ ықтимал қауіпті жағдайлардағы дұрыс әрекет ету алгоритмдері түсіндірілді. Қатысушылар келіп түсетін ақпаратты сыни тұрғыдан бағалаудың, цифрлық қауіпсіздік ережелерін сақтаудың және дербес деректерді қорғауға жауапкершілікпен қараудың маңызын талқылады.
Дәрістің жеке бөлігі киберқауіпсіздік мәдениетіне арналды. Оның негізгі құрамдас бөліктері мен қауіпсіз цифрлық дағдыларды қалыптастыру қағидаттары қарастырылды. Интернеттегі жеке әрекеттерге мұқият қарау, аккаунттарды қорғаудың сенімді тәсілдерін пайдалану, белгісіз дереккөздермен өзара әрекеттесу кезінде сақтық таныту және цифрлық сауаттылықты тұрақты түрде арттырудың маңыздылығы атап өтілді.
Іс-шараның практикалық бағыты студенттерге алған білімдерін нақты жағдайларды талдау кезінде қолдануға мүмкіндік берді. Мұндай формат сыни ойлау қабілетін дамытуға ықпал етіп, қатысушыларға киберқауіпсіздік ережелерін күнделікті өмірде, оқу және кәсіби қызметте қалай қолдануға болатынын жақсырақ түсінуге мүмкіндік берді.
Дәріс соңында студенттермен ашық пікір алмасу өтті. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, цифрлық ортадағы қауіпсіз мінез-құлықтың өзекті аспектілерін талқылады.
Университетте осындай іс-шараларды өткізу студенттердің цифрлық технологияларға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға және киберқауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыруға ықпал етеді. Цифрлық ортаның қарқынды дамуы жағдайында мұндай білім қазіргі заманғы білім беру мен кәсіби даярлықтың маңызды бөлігіне айналып отыр.



