29 қыркүйек 2026
Химия кафедрасының кеңейтілген отырысы: Манапова Салтанат Солтанғажықызының диссертациялық жұмысын алдын ала қарау
2026 жылғы 7 қазанда сағат 14:00-де «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕӘҚ Химия кафедрасының кеңейтілген отырысы өтеді. Отырыста 8D01504 – «Химия» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Манапова Салтанат Солтанғажықызының «Химияны оқыту үдерісінде жүйелік-құрылымдық тәсілді жүзеге асыруға арналған қашықтықтан оқыту құралдарының кешенін әзірлеу және құру» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы алдын ала қаралады.
Отандық ғылыми кеңесші:
Шаихова Бақыт Қалиасқарқызы — педагогика ғылымдарының кандидаты, Химия кафедрасының профессоры.
Шетелдік ғылыми кеңесші:
Микушина Ирина Владимировна — химия ғылымдарының кандидаты, Алтай мемлекеттік университетінің Химия және химия-фармацевтикалық технологиялар институтының Органикалық химия кафедрасының доценті (РФ, Барнаул қ.).
ZOOM
https://us05web.zoom.us/j/89728435445?pwd=xigEUObNBRIGiL42PudiMRbPCo4BSW.1
Конференция идентификаторы: 897 2843 5445
Рұқсат коды: 2026
Мекен-жайы 070010, Өскемен, 30 Гвардиялық дивизия көшесі, 34, №1 оқу ғимараты, химия кафедрасы (4-ші этаж, 414 аудиториясы).