29 қыркүйек 2026


Химия кафедрасының кеңейтілген отырысы: Манапова Салтанат Солтанғажықызының диссертациялық жұмысын алдын ала қарау

2026 жылғы 7 қазанда сағат 14:00-де «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕӘҚ Химия кафедрасының кеңейтілген отырысы өтеді. Отырыста 8D01504 – «Химия» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Манапова Салтанат Солтанғажықызының «Химияны оқыту үдерісінде жүйелік-құрылымдық тәсілді жүзеге асыруға арналған қашықтықтан оқыту құралдарының кешенін әзірлеу және құру» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы алдын ала қаралады.

Отандық ғылыми кеңесші:

Шаихова Бақыт Қалиасқарқызы — педагогика ғылымдарының кандидаты, Химия кафедрасының профессоры.

Шетелдік ғылыми кеңесші:

Микушина Ирина Владимировна — химия ғылымдарының кандидаты, Алтай мемлекеттік университетінің Химия және химия-фармацевтикалық технологиялар институтының Органикалық химия кафедрасының доценті (РФ, Барнаул қ.).

ZOOM

https://zoom.us/j/98709016049?pwd=GGRMRvhT9FvXWxkK3MzM1imTGu8bAv.1 

Конференция идентификаторы: 987 0901 6049

Рұқсат коды: 983373

Мекен-жайы 070010, Өскемен, 30 Гвардиялық дивизия көшесі, 34, №1 оқу ғимараты, химия кафедрасы  (4-ші этаж, 414 аудиториясы).