8 қазан 2026
AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫН ӨТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Amanzholov University-де студенттермен білім беру гранты бойынша оқуды аяқтағаннан кейінгі міндеттемелерді өтеу және түлектерді одан әрі жұмысқа орналастыру мәселелеріне арналған ақпараттық кездесу өтті.
Кездесуге стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ирина Владимировна, «Қаржы орталығы» АҚ-ның жетекші маманы Ақзира Серикқаликызы, жоғары оқу орындарымен жұмыс жөніндегі бөлімнің әдіскерлері Ботагөз Асқарбекқызы Аблмажинова мен Әлия Абдрахмановна Жайлаубаева қатысты.
Кездесуде студенттерге жас мамандарды жұмысқа жіберу тәртібі және қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген негізгі талаптар түсіндірілді. Сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған түлектердің міндетті еңбек өтеуіне қатысты құжаттар таныстырылды.
Міндеттемелерді орындау мерзімдері мен шарттарына да ерекше назар аударылды. Белгіленген талаптарға сәйкес, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған түлектер кемінде үш жыл еңбек өтеуге тиіс. Сонымен қатар ауыл квотасы шеңберінде басқа білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түскен түлектерге және педагогикалық бағыттарда білім алатын студенттерге қатысты ерекшеліктер қарастырылды.
«Қаржы орталығы» АҚ мамандары студенттерге нормативтік құжаттардың қолданыстағы редакциясын үнемі қадағалап отыру қажеттігін атап өтті. Қағидаларға тұрақты түрде өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі, соның ішінде 2026 жылы да бірқатар өзгерістер енгізілген. Сондықтан жұмысқа орналасуды жоспарлау кезінде оқу аяқталған сәтте қолданыста болатын талаптарды ескеру маңызды.
Кездесудің практикалық бөлімі жұмысқа орналасу мүмкіндіктеріне арналды. Университет студенттері үшін жоғары мектептер бойынша чаттар құрылған. Онда өзекті бос жұмыс орындары мен жұмыс берушілердің ұсыныстары жарияланып отырады. Бұл студенттерге жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы уақытылы ақпарат алып, білім беру бағдарламаларына сәйкес жұмыс орындарын алдын ала қарастыруға мүмкіндік береді.
Кездесу соңында қатысушылар білім беру грантын өтеу, жұмысқа орналасу және белгіленген міндеттемелерді орындауға қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Мұндай кездесулер студенттердің құқықтық сауаттылығын арттырып, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алуға байланысты талаптарды алдын ала түсініп, болашақ кәсіби жолына жауапкершілікпен дайындалуына мүмкіндік береді.





