30 қазан 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН МЕДИЦИНАЛЫҚ ПУНКТ АШЫЛДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде студенттердің денсаулығын сақтау және медициналық көмекке қолжетімділігін арттыру бағытында жаңа медициналық пункт жұмысын бастады.

Медициналық пункт № 9 оқу ғимаратының 106-аудиториясында орналасқан. Мұнда студенттер денсаулығына қатысты мәселелер бойынша медициналық көмекке жүгіне алады. Медициналық пункттің жұмыс уақыты – 08:00-ден 14:00-ге дейін.

Студенттердің сапалы білім алуы мен ғылыми ізденістермен айналысуы үшін қолайлы жағдай қалыптастырумен қатар, олардың денсаулығын сақтау да университеттің басым бағыттарының бірі. Осы ретте медициналық пункттің ашылуы білім алушылардың денсаулығына қамқорлық жасаудың маңызды қадамы болып табылады.

Студенттердің денсаулығына ерекше көңіл бөліп, медициналық пункттің ашылуына қолдау көрсеткен университет басшылығына алғыс білдіреміз.