3 қараша 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ «ABAY OPEN CUP» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІНДЕ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ

Семей қаласындағы «Abay Arena» спорт кешенінде сокёкусинкай кан каратэден «Abay Open Cup» халықаралық турнирі өтті.

Халықаралық жарысқа Қазақстанның түрлі қалалары мен федерацияларынан келген спортшылар, сондай-ақ Ресей Федерациясының командасы қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының спортшылары 10 алтын, 8 күміс және 16 қола медаль жеңіп алды.

Жарыстың 18+ жас санатында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Рамина Тоқтарбекова І орын иеленіп, халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды.

Университет студентін жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы спорттық додаларда толағай табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!