29 сәуір 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY БОЛАШАҚ МАМАНДАРЫ ТӘЖІРИБЕЛІК БІЛІМІ НЫҒАЮДА

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің 6B05302 – «Химия және наноматериалдар» және 6B05304 – «Химиялық криминалистикалық сараптама» білім беру бағдарламаларының студенттері «Сусымалы нысандарды сынамаға дайындау» тақырыбында зертханалық сабақ өткізді.

Сабақ Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму саласына қарасты «КЦ КПМС РК» РМК филиалы – «ВНИИцветмет» базасында ұйымдастырылды. Іс-шара барысында студенттер заманауи зертханалық құрал-жабдықтармен танысып, нақты өндірістік жағдайда сынама алу және сынама дайындау әдістемелерін меңгерді.

Практикалық сабақ студенттердің теориялық білімдерін бекітіп қана қоймай, кәсіби дағдыларын жетілдіруге зор мүмкіндік берді. Болашақ мамандар өндірістік процестердің ерекшеліктерін көзбен көріп, зертханалық талдау кезеңдерінің маңыздылығын тереңірек түсінді.

Мұндай тәжірибелік сабақтар студенттердің біліктілігін арттырып, олардың кәсіби даярлығын күшейтуге ықпал етеді.