16 қыркүйек 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ ДАЙЫНДЫҚ БӨЛІМІНЕ 40 ГРАНТ БӨЛІНДІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Мансап орталығы 2026–2027 оқу жылына арналған дайындық бөліміне тыңдаушыларды іріктеу жұмыстарын жүргізді.

Жыл сайын Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде білім алуға ниетті талапкерлер үшін гранттық орындар бөледі. Биыл Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетіне дайындық бөлімінде білім алуға арналған 40 гранттық орын бөлінді.

Іріктеу кезінде үміткерлердің дайындық бөліміне қойылатын талаптарға сәйкестігі қарастырылды. Нәтижесінде іріктеуден өткен талапкерлер университеттің дайындық бөліміне қабылданып, оқуын белгіленген тәртіппен бастайды.

Дайындық бөлімі талапкерлердің білім деңгейін жетілдіріп, жоғары білім алуға қажетті академиялық даярлығын қалыптастыруға бағытталған. Бұл ретте гранттық негізде білім алу мүмкіндігі жастар үшін жоғары білімге қолжетімділікті арттырудың маңызды тетіктерінің бірі болып табылады.

Мансап орталығы алдағы уақытта да талапкерлерге білім алу мүмкіндіктері мен қабылдау рәсімдері бойынша қажетті ақпараттық және консультациялық қолдау көрсетуді жалғастырады.