24 маусым 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

23 маусым күні Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Директорлар кеңесінің отырысы өтті.

Жиында университеттің бірқатар стратегиялық және басқарушылық бағыттарына қатысты маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, «Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ» КЕАҚ-қа қабылдау ережелері талқыланып, бекітілді.

Сонымен қатар 2026 жылдың I–II тоқсандарындағы тәуекелдерді басқару жүйесінің ағымдағы жағдайы бойынша есеп тыңдалды. Университеттің тұрақты даму саласындағы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған есебі қаралып, бекітілді.

Отырыс барысында академиялық мәселелер жөніндегі басқарма мүшесі – проректордың 2026 жылға арналған KPI картасы бекітілді. Бұдан бөлек, 2025 жылғы корпоративтік басқару кодексі қағидаттарының орындалуы жөніндегі есеп ұсынылды.

Сондай-ақ Директорлар кеңесі мен басқарма қызметіне, корпоративтік хатшыға, ішкі аудит қызметіне және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметіне жүргізілген кешенді бағалау қорытындылары қарастырылды.

Жиын қорытындысы бойынша университеттің корпоративтік басқару тиімділігін арттыру, ашықтық пен есептілікті күшейту бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттілігі атап өтілді.