16 қыркүйек 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ КҮЗГІ КУРАТОРЛАР КЕҢЕСІ ӨТТІ

 

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде 2026–2027 оқу жылындағы тәрбие жұмысын ұйымдастыруға арналған Күзгі кураторлар кеңесі өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – академиялық топ кураторларына әдістемелік және ақпараттық қолдау көрсету, сондай-ақ студенттермен жұмыстың негізгі бағыттарын айқындау.

Кездесуде Басқарма мүшесі – тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Жаннета Амангелдіқызы  құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға 2026–2027 оқу жылына арналған Кураторлар кеңесінің жұмыс жоспарын таныстырды.

Кездесу кезінде түрлі сала өкілдері өзекті мәселелер бойынша ақпарат берді. Тарих ғылымдарының кандидаты Бибігүл Шүршітбай «Сәлемдесу әдебі» тақырыбында баяндама жасады.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыру-бақылау басқармасының басшысы Жанар Кенжалиевна Тайғаранова «Заң және тәртіп» қағидаты аясында лудомания мен интернет-алаяқтықтың зиянды салдары туралы ақпарат берді.

Қалалық мәслихат депутаты Бақытжан Ербол «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы туралы айтып берді. Жастарды экологиялық бастамаларға тарту және студенттердің қала тазалығы мен абаттандырылуына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Өскемен қаласы Ульбин аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Ернар Ильясович Испаев құқық бұзушылықтардың алдын алу және профилактикасы жөніндегі шараларға тоқталды.

Студенттер арасында кітап оқуды және кітап мәдениетін насихаттау туралы Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Ғылыми кітапханасының директоры Перизат Күзембайқызы  баяндады.

Патриоттық тәрбие және әскери-патриоттық жұмыс мәселелерін Әскери кафедра оқытушысы, запастағы полковник Қанат Мұхаметуллаұлы Кемелбаев таныстырды.

Діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу, сондай-ақ жастардың деструктивті діни ағымдарға тартылуына жол бермеу мәселелері жөнінде Шығыс Қазақстан облыстық Халифа Алтай мешітінің басқарушысы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің діни саясат мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Берік Қадиров баяндама жасады.

Азаматтық қорғау және еңбекті қорғау штабының басшысы Жетпіс Бектасұлы Жұмажанов табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, сондай-ақ студенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпарат ұсынды.

«Status medical centre» көпбейінді медициналық орталығының өкілдері кураторларға студенттерді медициналық есепке қою мәселелері жөнінде ақпарат берді.

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімінің басшысы Айым Рысқелдіқызы  кураторлық сағаттарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы айтып берді.

 

Кездесу соңында «сұрақ–жауап» сессиясы өтіп, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Күзгі кураторлар кеңесі ақпарат алмасуға және құқықтық әрі қаржылық сауаттылық, патриоттық тәрбие, қауіпсіздік, экологиялық мәдениет пен студенттердің әлеуметтік жауапкершілігіне қатысты тәрбие жұмысының өзекті бағыттарын талқылауға мүмкіндік берді.