15 шілде 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ МАГИСТРАТУРА ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде магистратура түлектеріне диплом тапсырудың салтанатты рәсімі өтті. Биыл университеттің Педагогика жоғары мектебі мен IT және жаратылыстану ғылымдарының жоғары мектебін тәмамдаған 132 магистрге мемлекеттік үлгідегі диплом табысталды.

Алғаш болып Педагогика жоғары мектебінің 72 магистріне дипломдарды Басқарма мүшесі – стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ирина Владимировна табыстады. Магистрлер педагогика, психология, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, дене шынықтыру және спорт, арнайы педагогика бағыттары бойынша білім алды.

Салтанатты рәсім жалғасып, IT және жаратылыстану ғылымдарының жоғары мектебінің 60 магистріне дипломдарды Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор, PhD, қауымдастырылған профессор Нұрлана Бауыржанқызы Әлімбекова табыстады. Түлектер информатика, математика, физика, химия, биология, география, экология және ақпараттық жүйелер секілді білім беру бағдарламалары бойынша магистр дәрежесіне ие болды.

Салтанатты жиын соңында университет басшылығы магистрлерді жаңа белеспен құттықтап, олардың кәсіби қызметінде биік белестерді бағындыруына сенім білдірді. Жас мамандардың елдің ғылымы мен білімінің дамуына лайықты үлес қосатынына ізгі тілектерін жеткізді.