26 маусым 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АККРЕДИТТЕЛГЕН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ҚАТАРЫ АРТТЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті халықаралық білім беру кеңістігіндегі өз ұстанымын нығайта түсуде. Университеттің тағы төрт білім беру бағдарламасы «ARQA» Аккредиттеу және білім беру сапасын сараптау тәуелсіз агенттігінің халықаралық мамандандырылған аккредиттеуінен өтіп, 5 жыл мерзімге сапа сертификатына ие болды.

Аккредиттеуден өткен бағдарламалар:

  1. 6B01513 – Математика (IP)
  2. 6B01520 – Математика-Физика
  3. 6B01523 – География-Тарих
  4. 6B01905 – Эргопедагогика (эрготерапия (эргореабилитация) мамандануымен)

Халықаралық сарапшылар білім беру бағдарламаларын кешенді түрде бағалап, олардың мазмұнының өзектілігіне, оқу үдерісінің тиімділігіне, профессор-оқытушылар құрамының кәсіби деңгейіне, тәжірибелік даярлықтың ұйымдастырылуына және білім сапасын қамтамасыз ету тетіктеріне ерекше назар аударды.

Аккредиттеу қорытындысы университетте іске асырылып жатқан бағдарламалардың халықаралық талаптарға сай екенін және олардың болашақ мамандарды даярлауда жоғары академиялық стандарттарды ұстанатынын көрсетті.