26 мамыр 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ RESKILLING ЖӘНЕ UPSKILLING МҮМКІНДІКТЕРІ

Еңбек нарығы цифрландыру мен технологиялық өзгерістердің әсерінен қарқынды өзгеруде. Жұмыс берушілер бүгінде тек базалық білімге емес, заманауи құзыреттерге және үздіксіз дамуға дайын мамандарға басымдық береді. Осыған байланысты reskilling – қысқа мерзімде жаңа мамандық меңгеру, ал upskilling – бар білікті арттыру бағыттарының маңызы артуда.

«Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» мамандардың кәсіби өсуіне барлық жағдай жасайды. Бүгінде университетте микробіліктілік бойынша 44 білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оқыту икемді форматта өтеді және еңбек нарығының сұранысына бейімделген. Бағдарламаны аяқтаған тыңдаушыларға жаңа құзыретті растайтын куәлік беріледі.

Педагогикалық білімі жоқ, бірақ білім беру саласына келгісі келетін мамандар үшін университет 8 айлық педагогикалық қайта даярлау курстарын ұсынады. Бағдарламаның көлемі – 60 академиялық кредит. Оқыту дуалды жүйе бойынша ұйымдастырылып, теория мен практика ұштастырылады. Тыңдаушылар заманауи оқыту технологияларын меңгеріп, психологиялық-педагогикалық құзыреттерін дамытады.

2026 жылы университет «PR0012 Арнайы педагогтерді педагогикалық қайта даярлау» жаңа бағдарламасын іске қосты. Ол олигофренопедагогика, сурдопедагогика, тифлопедагогика және логопедия бойынша қосымша біліктілік алуға мүмкіндік береді.

Amanzholov University – кәсіби өсу, мансаптық даму және еңбек нарығының жаңа талаптарына бейімделу үшін сенімді платформа.