7 қыркүйек 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY ЕРІКТІЛЕРІ KAZZINC FAMILY RUN ЖАРЫСЫНДА

Өскемендегі Ертіс жағалауында өткен «Kazzinc Family Run» жарысына Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінен 60-тан аса ерікті қатысып, ауқымды спорттық шараның өтуіне өз үлестерін қосты.

Университет жастары жарысты ұйымдастыру жұмыстарына белсенді атсалысып, қатысушыларға қажетті қолдау көрсетті. Еріктілер жарыс барысында сусындар таратып, қатысушыларға медаль тағып, бағыт-бағдар беріп, қажет болған жағдайда көмек көрсетті.

Жарысқа келген қатысушылардың қауіпсіз әрі жайлы ортада спорттық шараға қатысуына еріктілердің еңбегі де өз септігін тигізді. Олар ұйымдастырушылармен бірлесе жұмыс істеп, белгіленген орындарда жауапкершілікпен қызмет атқарды.

Мұндай ауқымды іс-шаралар жастардың еріктілік мәдениетін дамытуға, қоғамдық белсенділігін арттыруға және командалық жұмыс дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Kazzinc Family Run аясындағы еріктілік жұмысы да студенттердің ұйымшылдығы мен жауапкершілігін танытқан маңызды тәжірибеге айналды.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің еріктілері бұған дейін де қоғамдық, әлеуметтік және спорттық іс-шараларға белсенді қатысып, университет жастарының қоғамдық өмірдегі белсенділігін көрсетіп келеді.

Спорт пен белсенді өмір салтын насихаттаған жарыстың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан университет еріктілеріне алғыс білдіреміз!