22 сәуір 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY: «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАСЫ: ЗАМАНАУИ СЫН-ҚАТЕРЛЕР МЕН МҮМКІНДІКТЕР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-де Экономика, менеджмент және қаржы кафедрасы ұйымдастырған «Жаңа Қазақстанның экономикасы: заманауи сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция жоғары деңгейде өтті.

Конференцияны Бизнес және құқық жоғары мектебінің деканы Әсел Ануарбекқызы Апышова ашып, қатысушыларға сәттілік тілеп, іс-шараның ғылыми-практикалық маңыздылығын атап өтті.

Іс-шараға Ресей, Латвия, Өзбекстан, Әзербайжан, Қытай және Қырғызстан елдерінен келген ғалымдар мен зерттеушілер қатысты. Олар экономиканың өзекті мәселелері мен даму үрдістерін жан-жақты талқылады.

Конференция барысында Балтық халықаралық академиясының ректоры, әлеуметтану ғылымдарының докторы Владислав Волков, Әзербайжан мемлекеттік экономикалық университетінің профессоры, экономика ғылымдарының докторы Наиля Рауф Алиева, Қоқанд университетінің доценті, PhD Гулхон Назрулаевна Мелибаева, Өскемен қаласы әкімдігінің «Креативті индустрияны дамыту орталығының» креативті экономика бөлімінің меңгерушісі, экономика ғылымдарының докторы Елена Анатольевна Колос, кафедраның сениор-лекторы Алма Жұмағалиқызы Байгужинова, сондай-ақ Қытайдан келген студенттер мазмұнды баяндамалар жасады.

Баяндамаларда жаһандық экономикалық өзгерістер, креативті индустрияның дамуы және халықаралық тәжірибе алмасу мәселелері қарастырылды.

Конференция қорытындысында қатысушылар ғылыми ынтымақтастықты нығайту және өзара тәжірибе алмасу бағытында пікір алмасты. Іс-шара халықаралық ғылыми байланысты дамытуға ықпал етті.