7 тамыз 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY: МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі 2026–2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлерінің тізімін жариялады. Гранттарды тағайындау туралы шешім талапкерлердің өтініштерін қараған Республикалық конкурстық комиссияның қорытындысы негізінде қабылданды.

Грант конкурсының нәтижесі бойынша Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін таңдаған талапкерлер алдағы оқу жылынан бастап университет студенттері қатарына қосылады.

Қазіргі таңда университетте мемлекеттік білім беру гранты иегерлерінен құжат қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Қабылдау науқаны қолданыстағы қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

Айта кетейік, мемлекеттік білім беру грантына ие болмаған талапкерлер үшін әкім грантына құжат қабылдау жалғасуда. Қосымша білім алу мүмкіндігін пайдаланғысы келетін талапкерлер конкурсқа қатысу шарттары мен қажетті құжаттар туралы толық ақпаратты университеттің қабылдау комиссиясынан ала алады.

Қосымша ақпаратты қабылдау комиссиясынан алуға болады.