15 қыркүйек 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY ОҚЫТУШЫЛАРЫ БАКУДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМҒА ҚАТЫСТЫ

9–12 қыркүйек аралығында Баку қаласында бірінші түркология құрылтайының 100 жылдығына арналған «Алтайтану ғылымының өткені, бүгіні және болашағы» атты халықаралық симпозиум өтті. Жиынға Amanzholov University оқытушылары Қарлығаш Түркістанқызы Барбосынова мен Раушангүл Закенқызы Мукушева қатысты.

Іс-шараны Әзербайжан Ұлттық Ғылым академиясы ұйымдастырды. Симпозиум барысында Алтай өңірінің тарихы мен мәдениеті, тілдік және әдеби мұрасы, халықтардың рухани сабақтастығы, сондай-ақ алтайтану ғылымының қазіргі даму бағыттары талқыланды.

Қатысушылар Алтайдың адамзат өркениеті тарихындағы орнына және оның түркі халықтарының тарихи-мәдени мұрасын зерделеудегі маңызына ерекше назар аударды. Түркі әлеміне ортақ құндылықтарды зерттеу, ғылыми сабақтастықты сақтау және жаңа ізденіс бағыттарын қалыптастыру мәселелері кеңінен сөз болды.

Қарлығаш Түркістанқызы мен Раушангүл Закенқызы өз баяндамаларын ұсынып, зерттеу нәтижелерімен бөлісті. Сонымен қатар шетелдік әріптестерімен пікір алмасып, алтайтану саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға атсалысты.

Бакуде өткен симпозиумға қатысу Amanzholov University оқытушыларының халықаралық академиялық байланыстарын кеңейтуге, отандық зерттеулерді шетелдік ғылыми ортада таныстыруға және түркітану мен алтайтану бағыттарындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.

Мұндай ғылыми басқосулар тарихи-мәдени мұраны терең зерделеуге, зерттеушілер арасындағы кәсіби байланысты дамытуға және түркі әлемін зерттеудің жаңа мүмкіндіктерін айқындауға жол ашады.