11 маусым 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАЙТА ДАЯРЛАУ КУРСТАРЫНА ҚАБЫЛДАУ ЖҮРГІЗУДЕ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Кәсіптік даярлау және біліктілікті арттыру ресурстық орталығы педагогикалық қайта даярлау курстарына тыңдаушылар қабылдайтынын хабарлайды.

Бағдарлама педагогикалық білімі жоқ, бірақ кәсіби жоғары немесе арнаулы білімі бар және педагогикалық қызметпен айналысуды жоспарлап отырған азаматтарға арналған. Педагогикалық қайта даярлау курстары жаңа педагогикалық біліктілік алуға, кәсіби құзыреттерді кеңейтуге және алған біліктілікке сәйкес білім беру ұйымдарында еңбек етуге мүмкіндік береді.

Оқыту келесі білім беру бағдарламалары бойынша жүргізіледі: психология, мектепке дейінгі білім беру, бастауыш білім беру, дене шынықтыру және спорт, дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық, кәсіби оқыту, көркем еңбек және графика, музыкалық білім, информатика, физика, математика, химия, биология, география, тарих, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі және арнайы педагогика.

Бағдарлама жоғары білім негізінде жүзеге асырылады және тыңдаушыларға заманауи білім беру талаптарына сәйкес педагогикалық қызметті кәсіби деңгейде атқаруға қажетті теориялық және практикалық білім береді.

Педагогикалық қайта даярлау курстарының оқу мерзімі – 8 ай. Оқу бағдарламасын сәтті аяқтаған тыңдаушыларға мемлекеттік үлгідегі сертификат табысталады.

Құжаттарды қабылдау 2026 жылдың 21 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Қосымша ақпарат алу үшін төмендегі байланыс