19 мамыр 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY СПОРТШЫЛАРЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖОҒАРЫ НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ

12-15 мамыр аралығында Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында гір көтеру спортынан Азия чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға 9 мемлекеттен 300-ден астам спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Байрақты бәсекеде еліміздің намысын қорғаған AMANZHOLOV UNIVERSITY спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

Қыздар арасында жарыстың алғашқы күні ұзын айналым түрінен Ержанова Айғаным ІІ орын, Шаденова Айсұлу І орын иеленді. Екінші күні серпе көтеру сайысында Ержанова Айғаным ІІ орын алса, Шаденова Айсұлу тағы да чемпион атанды. Үшінші күні жұлқа көтеру түрінен Ержанова Айғаным І орынға көтеріліп, Шаденова Айсұлу да үздік нәтиже көрсетіп, І орынды жеңіп алды. Қыздар құрамасының жаттықтырушысы — Канапиянова Жадыра.

Ұлдар арасында да университет спортшылары тамаша өнер көрсетті. Алғашқы күні ұзын айналым түрінен Серікбек Әлішер І орын, Дидарұлы Нұрым ІІ орын, Бақытбек Нұрболсын І орын иеленді. Екінші күні серпе көтеру сайысында Серікбек Әлішер мен Бақытбек Нұрболсын қарсыластарынан басым түсіп, І орын алды. Үшінші күні жұлқа көтеру түрінен Серікбек Әлішер, Дидарұлы Нұрым және Бақытбек Нұрболсын чемпион атанып, алтын медаль жеңіп алды.

Команданың жаттықтырушысы — Мүшекенов Тимур.

Азия чемпионатындағы бұл жеңістер спортшыларымыздың қажырлы еңбегі мен табандылығының нәтижесі. Халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғап жүрген жастарымыз университетіміздің ғана емес, тұтас еліміздің мақтанышы.