26 мамыр 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Үндістанның нанотехнология саласындағы ғалымы Дипа Бхануматьямма Калиеккалмен кездесу өтті.

Кездесу барысында ғалым университеттің ғылыми және халықаралық бағыттағы жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар тараптар ғылым саласындағы халықаралық байланыстарды дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Сапар аясында шетелдік ғалым университет ректоры, профессор Төлеген Мұхтар Әділбекұлымен кездесті. Кездесу кезінде ректор халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталып, университетпен байланыс орнатуға қызығушылық танытқан ғалымға алғыс білдірді.

Өз кезегінде Дипа Бхануматьямма Калиеккал университеттің ғылыми әлеуетіне жоғары баға беріп, жылы қабылдау үшін ризашылығын жеткізді.

Айта кетейік, үндістандық ғалым наноцеллюлоза, биоматериалдар және экологиялық қауіпсіз нанотехнологиялар бағытында ғылыми зерттеулер жүргізіп келеді. Оның еңбектері халықаралық ғылыми басылымдарда жарияланған.

Кездесу соңында тараптар алдағы уақытта ғылыми байланыстарды дамытуға ниетті екендерін атап өтті.