27 сәуір 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY: ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІ ӨКІЛДЕРІ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті өкілдерінің қатысуымен мазмұнды кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – бітіруші курс студенттеріне кәсіби бағдар беру және оларды шекара қызметіне тарту.

Кездесуге тәрбие, идеологиялық және кадрлық жұмыстар жөніндегі басқарма бастығының орынбасары, подполковник Туленов Ержан Ерегенович, басқарма консультанты, подполковник Бакетов Галымжан Женисович және аға офицер, лейтенант Манарбеков Сымбат Манарбекович қатысты. Олар студенттерге шекара қызметінің ерекшеліктері, қойылатын талаптар мен қызметтің артықшылықтары жөнінде кеңінен ақпарат беріп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-шараға «Психология», «Педагогика және психология», «Дене шынықтыру және спорт», «Бастапқы әскери дайындық», «Құқықтану» және «Журналистика және ақпарат» білім беру бағдарламаларының 4-курс студенттері қатысып, қызметке орналасу мүмкіндіктері мен мансаптық даму жолдары туралы нақты мәлімет алды.

Мұндай кездесулер жастардың кәсіби бағыт-бағдарын айқындап қана қоймай, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды салаға қызығушылығын арттыра түседі.